Сіздерді 15 қазан – Кітапханашылардың кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
Кітапханашы кәсібі талайлардың тағдырына мәңгілік шуақ түсіріп, сәулелі жол нұсқайтын парасат құбыланамасы іспетті. Сіздердің шығармашылық еңбектеріңізге шалқар шабыт тілейміз. Бұдан әрі де кітапханалық шеберлік шыңынан көріне беріңіздер!
Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!
Clarivate Analytics компаниясының маманы Инеш Кенжина 2021жылғы 15 қазанда сағат 15:00-де «Халықаралық журналдарда мақалалар жариялау. Үздік тәжірибелер мен ұсыныстар» тақырыбында онлайн форматта вебинар ZOOM платформасы бойынша жүргізетін болады. Вебинарға кіру туралы ақпаратты қамтитын растау хатын электронды пошта арқылы аласыз.
ТІРКЕЛУ.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті оқырман!
Сіздерді 15 қазанда сағ.11.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2021» атты УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІНЕ шақырамыз. БАҒДАРЛАМА
Өтетін орны: Технологиялық кешені, Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2 қабат, №2 оқу залы
Қазақша
Русский
English