Яндекс.Метрика

                                                                                                                

ЖОБА!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Біз - ел патриотымыз!"

  Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығы (КАО) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Біз - ел патриотымыз!» жастар әдеби марафонын ұйымдастырады.
 Марафон 06.12.2021ж.-13.12.2021ж. аралығында Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының барлық онлайн-алаңдарында өтеді.
   Жобаның мақсаты: жастардың бойында патриоттық сезімді, туған еліне және оның тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
   Міндеті: шығармашылық белсенділік таныту, жастар арасында оқу мәдениетін ілгерілету.
   Қатысу ережелері:
   - INSTAGRAMFACEBOOKВКонтакте парақшаларына жазылу, репост жасау және ЛАЙК түймесін басу;
   - қатысушылар «Біз - ел патриотымыз!» әдеби марафонында өз өнерлерін бейнетаспаға еркін форматта (өлеңдер, эссе оқу, т.б.) түсіруі қажет және өз парақшасына #БізЕлПатриотымызDU  хэштегімен бейнеролик қосу;
   -  әлеуметтік желілерде өз бейнеңізді жариялау.
   Ең танымал посттың авторы кітапханадан естелік сыйлықпен марапатталады.