ХАБАРЛАНДЫРУ!

 Медиалық және ақпараттық  сауаттылық  тренингтері өткізілді.

   2021 жылдың қазан айының 21-22 күндері «Ұстаз» институтының және «Өнер және спорт» факультететінің 1 курс студенттеріне дәстүрге айналған медиалық және ақпараттық сауаттылық тренингтері өткізілді.
   Тренингтің мақсаты - КАО сайтының (http://lib.tarsu.kz) мүмкіндіктерімен, қызмет көрсету сервистерімен, Қазақстандық және Ресей электронды кітапханаларымен (РМЭБ, IPRbooks, ЭБС Университетская библиотека ONLINE, Grebennikon) және толықмәтінді шетелдік деректер қорларымен таныстыру.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Бір ел – бір кітап» акциясы

  Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2021 жылы таңдалып алынған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұранымен танымал қазақстандық авторлардың 30 үздік туындыларының бірі - Мадина Омарованың «Көмбе нанның дәмі» драмасы таңдалып алынды.

Оқуды жалғастыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

#GLOBALMILWEEK2021 #MIL_KZ21 #MILDU21
ЖОО аралық «Медиа және ақпараттық сауаттылық» апталығын мерекелеудің соңында сізді интеллектуалды онлайн викторинаға қатысуға шақырамыз.
Бұл викторина #MIL_KZ21 шеңберінде өткізілген медиа және ақпараттық сауаттылық семинарларында алған біліміңізді бағалауға мүмкіндік береді.
Викторина Kahoot сервисінің көмегімен өтеді (бір сессияға қатысушылардың максималды саны – 50 адам).
Викторина НУ әлеуметтік даму қорының демеушілігімен «InfoSauattylyk» жобасының бөлігі болып табылады.
#nuedukz #sdfimpact #sdfgrants