ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

#MIL_KZ21 аясында өз тәжірибеңізбен және пікіріңізбен бөлісуді ұсынамыз.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
● Ақпаратты іздеу кезінде қандай қиындықтарға тап боласыз?
● Тиімді іздеу үшін қандай кеңестер/әдістерді қолданасыз?
● Сіз жалған ақпаратқа қаншалықты жиі тап боласыз?
● Дұрыс емес ақпарат cіздің оқуыңызға немесе өміріңізге қандай әсер етуі мүмкін?
● Сіз жалған жаңалықтарды қаншалықты жиі кездестіресіз және оларды қалай анықтайсыз?
● Сіз фактчекинг жүргізесіз бе? Олай болса, қалай?
Қатысу ережелері:
Instagram–да пост жариялаңыз.
Сізге ыңғайлы медиа сүйемелдеуді пайдаланыңыз (фото, видео (1 мин)).
2 хэштег қосыңыз: #MIL_KZ21 #MILDU21 
Ең танымал посттың авторы кітапханадан сыйлыққа ие болады.

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!

    Сіздерді төл мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен!

 

«Бір ел – бір кітап» акциясы

   «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Аталмыш акция аясында "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.
   30 қыркүйек 2021 жылы Кітапханалық-ақпараттық орталықтың оқу залында (гидро кешені, 6.2-9 оқу залы) «Экология» мамандығының 2 курс студенттерімен Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Періштелердің өлімі» - жан ауыртар  шындық бар ...» атты әдеби сағат өткізілді.