Зерттеушілердің идентификаторлары мен профильдері
Нақты бір автордың жарияланымдарын табу көбіне қиынға соғады.
Зерттеушілер мен жарияланған құжаттардың көп болуы жағдайында сіз қарап
отырған құжаттардың нақты бір авторға тиесілі болуын қамтамасыз ету үлкен
проблемаға айналды.
Кейбір танымал автор идентификаторлары және олардың ерекшеліктері:
ORCID немесе Open Researcher and Contributor ID (ағылшын тілінен –
«Зерттеуші мен қатысушының ашық идентификаторы») – бұл ғылыми авторларды
бірегей анықтайтын патенттелмеген әріптік-сандық код.
Сәйкестендіру кодының негізгі міндеті – автордың аттарындағы
сәйкессіздіктерді жою.
Бір елде де, әртүрлі елдерде де көп таралған есімдер мен фамилиялардың
ұқсастығы ғылыми мақалалардың авторларын идентификациялауда, әсіресе,
мысалы, Scopus сияқты ірі дерекқорларда шатастыруды тудырады.
ORCID – бұл «Білім» «Жұмыс», «Қаржыландыру» деген бөлімдері бар,
қалағаныңызша егжей-тегжейлі толтырылатын профиліңізге тіркелген бірегей 16
таңбалы нөмір.
Аты-жөнінің жазылуындағы әріптер цифрлармен ауыстырылады, бұл барлық
мәселелерді бірден шешеді: айтылуы мен басқа тілдерге аудармасы, авторды
сәйкестендіру және оның жарияланған мақалаларымен байланысы
автоматтандырылады.
Бұл код бойынша ғалымды ғылыми ұйымдар мен қауымдастықтар, баспалар,
қорлар оңай анықтап таниды.
ORCID профильдері сіздің ORCID-ді басқа автор идентификаторларымен,
соның ішінде ResearcherID-мен және жеке веб- сайттармен байланыстыруға
мүмкіндік береді.
ID ORCID – бұл иесін тек танымал етіп қана қоймай, бүкіл әлемдегі
әріптестерімен араласуға мүмкіндік беретін визиттік картаның бір түрі. ORCID
базасында автор туралы келесі мәліметтер болады: аты, тегі әр түрлі жазу
мәнерінде. Автор жұмыс істейтін ұйымның атауы. Жарияланған мақалалар тізімі.
Автордың гранттары, сондай-ақ оның қатысуы тіркелген гранттар. ORCID
идентификациялық кодының мәні ғалымды мақалаларды жариялау кезінде әртүрлі
формаларды толтыру бойынша жалықтыратын жұмыстан босатуында.
ORCID-тің зерттеушілер үшін артықшылықтары
Зерттеушілер үшін ORCID идентификаторын құрудың келесі артықшылықтары
бар:
- Зерттеушілерге өздерінің зерттеушілік қызметін аты мен заты ұқсас басқа
қызметтерден ажыратуға мүмкіндік береді.
- Зерттеушілерге зерттеушінің тұлғасын зерттеу қызметінің және объектілердің
кең ауқымымен, мысалы, жарияланымдармен, мәліметтер жиынтығымен,
жабдықтармен, мақалалармен, медиа сюжеттермен, кураторлық
көрмелермен,
дәйексөздермен, эксперименттермен,