Оқырман назарына!

  2021 жылдың 14 қазанына дейін «Кітаппен Кретивті Селфи» атты  конкурс жарияланады.
 Қатысу ережелері:
- Кітаппен креативті селфи жасау;
- lib.tarsu (instagram), lib.DU (Facebook), lib_DU (Вконтакте) парақшаларына тіркелу, репост жасау және LIKE басу;
- әлеуметтік желілерде пост жариялау;
- суретке #КреативСелфисКнигойDU хештегін қосу.
 Конкурс жеңімпазы 15 қазан күні марапатталады.
Ең танымал посттың авторы кітапханадан сыйлыққа ие болады.
Сіздерге бірегей, қызықты, жарқын және позитивті сурет жасауды тілейміз!
Сіздерден  креативті идеялар мен сәтті фотосуреттер күтеміз!

 

«Ұрпақ тарихы – бүгінгі аңыз бен ертегі»

   Кітапханалық- ақпараттық орталық  №6 оқу залының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 6 қазан күні «Ұстаз» институтының жатақхана студенттеріне ағылшын жазушысы Джоан Кэтлин Роулингтің «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» шығармасы желісі бойынша түсірілген фильм көрсетілді. Бұл шығарма «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында 2021 жылы оқуға ұсынылған 30 үздік туындының ішінде аударма саласы бойынша таңдалып алынған балалар мен жасөспірімдерге арналған қиял-ғажайып роман.

Оқуды жалғастыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

    2021 жылдың 4 қазанында Кітапханалық - ақпараттық орталықтың №8 оқу залында «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институты, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» мамандығының 1-курс студенттеріне ақпараттық - медиалық сауаттылықты арттыру тренингі өткізілді. Тренинг барысында электронды каталогпен, жаңа келіп түскен әдебиеттер және мерзімдік басылымдармен,  сондай - ақ электронды ресурстармен таныстырылды.