Яндекс.Метрика

                                                                                                                

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында

   Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2021 жылы жалпыхалықтық оқуға ұсынылған балаларға арналған туындының бірі - жазушы, киносценарист Зира Наурызбаева мен Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері» шығармасы. Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №7 оқу залында осы шығарманы оқырман қауымына таныстыру мақсатында «Тарихи деректер – тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі шындығы» атты әдеби- танымдық сағаты өтті.

Ертегі қазақ мифологиясының сюжеттерімен, қазақ халқының мәдени дәстүрлерімен және оның тарихымен тығыз байланысты. Бұл кітап авторлардың «Меломан» кітап дүкені желісі бойынша Қазақстанның бестселлерлерінің алғашқы ондығына кіретін  «Бату мен оның достары. Алтын тостағанды іздеу» (2014) атты бірінші кітабының жалғасы. Шығармада Бату атты бала мен оның достарының басынан кешкен оқиғалары негізінде, ертегі – аңыз кейіпкерлері мен тарихи деректер тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі шындығымен байланыстырыла суреттелген. Кітаптың басты кейіпкерлері әлі күнге дейін адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісім символы - Алтын тостағанды іздейді. Шым – шытырық оқиғалар жанрында жазылған хикаят жас жеткіншек оқырмандарды қызықтырып, қиялына қанат бітіретін тартымдылығымен баурайды.
   Шығарманы оқуға шақырамыз!