ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті кітап сүйер қауым!

  Өзіңізді интеллектуалды және рухани дамытқыңыз келсе, қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын оқыңыз. 2021 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» жалпыхалықтық оқуға іріктеліп алынды. Соның ішінде балалар әдебиетінің майталмандары Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн», Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек», Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас»  ең үздік жұмыстары бойынша жасалынған буктрейлерді назарларыңызға ұсынамыз! Акцияның мақсаты-оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени, рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық.
   КІТАП ОҚУДАН ЖАҚСЫ ӘСЕР АЛЫҢЫЗ! БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР! (FacebookInstagramVk)
   Технологиялық кампус,  2 – оқу залы.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

#GLOBALMILWEEK2021 #MIL_KZ21 #MILNU21 #MILDU21
25-28 қазан аралығында #MIL_KZ21 мерекесін жалғастыра отырып, сіздерді Назарбаев Университеті кітапханашыларының медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша семинарлар сериясына қатысуға шақырамыз.
Семинар тілдері: қазақ, орыс
Семинар бағдарламасы:
1) Ақпарат іздеу әдістері / Методы поиска информации - 25 қазан, 15:00 / 16:00
2) Ақпарат көздерін бағалау / Оценка источников информации - 26 қазан, 15:00 / 16:00
3) Ақпарат көздеріне сілтеме жасау / Цитирование источников - 27 қазан, 15:00 / 16:00
4) Ақпараттық этика және плагиат / Информационная этика и плагиат - Бағалау - 28 қазан, 15:00 / 16:00
Тіркелу үшін сілтемелер: 
https://nu-kz.libcal.com/event/3805849

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтының оқытушылары мен студенттері!

  Сіздерді 2021 жылдың қазан айының 25-30 аралығында сағ.10.00 - 17.00 «Ақпарат күніне» және «Кафедра күндеріне»  шақырамыз.
  Негізгі мақсат: жаңа түскен әдебиеттермен және электронды ресурстармен таныстыру.
  Мекен-жайымыз: Кітапханалық-ақпараттық орталық, Гидро кешені, 6.1  (№8 оқу залы).