Яндекс.Метрика

                                                                                                                

«Тәуелсіздік туы»

   Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Ел еркіндігі тәуелсіздік – әлемдегі ең құдіретті сөз. Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №10 Түнгі оқу залында 2021 жылдың 7 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы» атты әдеби-сазды  кеш өтті.

  Іс-шара «Егемен елдің еңсерген биігі» бейнеролик көрсетілімімен ашылды. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің Филология 1-курс студенті Карибаева Гүлдана тәуелсіздікке арнаған авторлық өлеңін оқыса, Филология 4 курс студенті Яқыпбаева Шынарай қазақтың ұлттық аспабы сазсырнайда «Құсни-Қорлан» және «Балапан қаз» композициясын орындап жиналғандарды өз өнерімен тәнті етті. Келесі кезекте кеш қонағы – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері, «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы Мақашов Бақытжанмен сұхбат болды. Қонағымыз желтоқсанның ызғарлы күндеріндегі өзі көрген оқиғаларды айтып берді. Web журналистика 4 курс студенті Көксубай Жұматай «Тәуелсіздікке арнауын» оқыды. Кітапханалық-ақпараттық орталықтың бөлім бастығы Маткулова Балхия осы іс-шараға орай ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырды. Іс-шара кешке жиналғандардың орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.