Яндекс.Метрика

                                                                                                                

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Құрметті оқырмандар!

    Кітапханалық ақпараттық орталықтың №5 оқу залында 16 желтоқсан  Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты әдеби танымдық кеш өткізілді. Кеш 1-курс студенттерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Мерекенің басты мақсатының бірі- Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

INSTAGRAMFACEBOOKВКонтакте