ЖОБА!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Біз - ел патриотымыз!"

  Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығы (КАО) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Біз - ел патриотымыз!» жастар әдеби марафонын ұйымдастырады.
 Марафон 06.12.2021ж.-13.12.2021ж. аралығында Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының барлық онлайн-алаңдарында өтеді.
   Жобаның мақсаты: жастардың бойында патриоттық сезімді, туған еліне және оның тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
   Міндеті: шығармашылық белсенділік таныту, жастар арасында оқу мәдениетін ілгерілету.
   Қатысу ережелері:
   - INSTAGRAMFACEBOOKВКонтакте парақшаларына жазылу, репост жасау және ЛАЙК түймесін басу;
   - қатысушылар «Біз - ел патриотымыз!» әдеби марафонында өз өнерлерін бейнетаспаға еркін форматта (өлеңдер, эссе оқу, т.б.) түсіруі қажет және өз парақшасына #БізЕлПатриотымызDU  хэштегімен бейнеролик қосу;
   -  әлеуметтік желілерде өз бейнеңізді жариялау.
   Ең танымал посттың авторы кітапханадан естелік сыйлықпен марапатталады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ!

Құрметті оқырман қауым!

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Кітапханалық-ақпараттық орталығы және «Мәдениет және өнер» кафедрасы сіздерді  2021  жылдың желтоқсан айының 9 жұлдызында, сағ. 15.00-де,  әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбиірбек Тінәлиевпен «ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІНІҢ АЗАТТЫҒЫ»  атты кездесу кешіне шақырады.

Өтетін орны: ГӘҒФ КЕШЕНІ, №1 ОҚУ ЗАЛЫ

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Құрметті оқырмандар!

    Кітапханалық ақпараттық орталықтың №5 оқу залында 16 желтоқсан  Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты әдеби танымдық кеш өткізілді. Кеш 1-курс студенттерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Мерекенің басты мақсатының бірі- Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

INSTAGRAMFACEBOOKВКонтакте