ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ҚАЙРАТКЕР

   Қазақ еліне белгілі тұлға, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтуға өзінің лайықты үлесін қоса білген қайраткер, есімін әлем таныған академик-ғалым Марс Үркімбаевтың рухын тербетіп, артынан лескен жас ұрпақ ғалымдар атын асқақтату мақсатында 2021 жылы 26 қараша күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде М.Ф.Үркүмбаевтың «VI Үркімбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияның ашылу рәсімінің аясында, кітапханалық-ақпараттық орталық тарапынан «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Марс Фазылұлы Үркімбаев- өмірдің барлық көріністерінде өзінің өмірге деген құштарлығымен, жан-жақтылығымен, өмірлік бай тәжірибесімен бөлісе білген тұлға екендігін айқындайтын 100-ден аса деректер, материалдар, фотосуреттер, ғылыми еңбектері қонақтар назарына ұсынылды.

  

ВЕБИНАР!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

    Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының қолдауымен «InfoSauattylyq» жобасы аясында кітапхана Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен серіктестікте «Медиа және ақпараттық сауаттылық» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.
    Дөңгелек үстел жоғары оқу орындарында және жалпы қоғамда медиа және ақпараттық сауаттылық дағдыларын дамытудың маңыздылығын талқылау және ақпарат саласында тәжірибе алмасу мақсатында өткізіліп отыр.
    Тілі: қазақ, орыс
    Күні: 26 қараша 2021 жыл
    Уақыты: 16:00-17:00
https://nu-edu-kz.zoom.us/j/95404171894?pwd=Tnl1M0FPVko4SzMreThJcElLTWxTdz09