ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ!

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Кітапханалық-ақпараттық орталығы және «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың желтоқсан айының 9 жұлдызында, ГӘҒФ кешені, № 1 оқу залында  әнші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбиірбек Тінәлиевпен «ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІНІҢ АЗАТТЫҒЫ»  атты кездесу кеші өтті.

Оқуды жалғастыру

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында

   Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2021 жылы жалпыхалықтық оқуға ұсынылған балаларға арналған туындының бірі - жазушы, киносценарист Зира Наурызбаева мен Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері» шығармасы. Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №7 оқу залында осы шығарманы оқырман қауымына таныстыру мақсатында «Тарихи деректер – тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі шындығы» атты әдеби- танымдық сағаты өтті.

Оқуды жалғастыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті  оқырмандар!

    Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №6 оқу залы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Елімнің ерлік жолы –Тәуелсіздік!» атты виртуалды кітап көрмесін  назарларыңызға ұсынады.