Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Университетте ғылым күні

   12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні аясында -   Дулати университетінің ғылым қайраткерлерін, жас ғалымдар мен  ізденуші студенттерді  ғылымға деген құштарлығын, белсенділігін, ғылымға қосқан үлестерін, еңбектерін  дәріптеу мақсатында кітапханалық-ақпараттық орталықта  «Университетте ғылым күні» іс-шарасы өткізілді.

   Президент Н.Назарбаев жарлығымен  2011 жылы бекітілген - 12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні- ел өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген түрлі ғылым саласындағы азаматтар мен ғалымдарымыз үшін маңызы айрықша күн. 
    Бұл күн, өзінің бүкіл өмірін туған елінің ғылым мен оны дамытуға арнаған, қазіргі Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған - Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың  туған күнімен тікелей байланысты.
Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы құрылуы негіз болды.  Ал 2003 жылы Ғылым академиясына «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестік мәртебесі берілді.
    Дулати Университетінің Қазақстан ғылым саласына өз үлесін қосуда. Университетте ғылыми-зерттеу орталықтары көптеген ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізуде. Университет профессорлық-оқытушы құрамы конкурстар мен гранттарға қатысып,ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша әр-түрлі конкурстардың жеңімпаздары болды. Сонымен қатар университет өнертапқыштары өнертабыс саласында да өздерін жоғары деңгейде көрсетуде.  Университет ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін Қазақстанда және шет мемлекеттерде өтетін түрлі деңгейдегі конференцияларда, симпозиумдарда, форумдарда ұсынып келеді.
    Университет тарапынан Ғылым күні – жоғары деңгейде аталып өтті. Профессор-оқытушылар қауымын дәріптеу мақсатында салтанатты жиын ұйымдастырылып, ғылым саласындағы жетістіктері үшін марапаттау рәсімі өткізілді. Сонымен қатар, барлық ғылыми - зерттеу орталықтары  өздерінің жетістіктерін көпшілік қауымға паш етті.  
     Кітапханалық-ақпараттық орталық өз тарапынан аталып отырған «Университетте ғылым күні»  мерекеге өз үлесін қосты. Барлық стационарлық киоскаларда   «#Ғылым-Білім-Ғалым» - ғылыми-танымал фильм көрсетілімі ұйымдастырылып, «Профессорлық-оқытушылар еңбектері» атты кітап көрмесі конференция қатысушыларына ұсынылды.
    КАО-ың № 2 оқу залында (тех.кешен) Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 1курс студенттеріне, «Дарын» мектебінің және басқа да Тараз қаласының №43, орта мектептерінің түлектеріне университет IT-мамандары «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының оқытушылары Темиргалиев Т.К., Абильдаева А.С.,  «Физика және ІТ» кафедрасының оқытушысы Еркебек Ж.Б.  «Робототехника» бойынша мастер-класс өткізді.
   Бұл іс-шарамен қатар «Creative Zone»-да  «Әлеуметтік психология» кафедрасының  оқытушылары Шукеева А.М., Маханова А.Н. «Миды дамытайық!»  психологиялық тренингті  магистранттар, студенттер арасында өткізді.
 Мерекелік іс-шара  «Не? Қайда? Қашан?» - Kahoot викторинасымен жалғасты.  Сонымен қатар,  КАО шеңберінде өткен  «Ғылым күні» мерекесі, Clarivate Analytics компаниясының Орталық Азия аймағы елдеріндегі ресми өкілі-Инеш Кенжина өткізген, Web of Sciense  ресурстары бойынша ПОҚ-на арналған онлайн-вебинармен қамтылды.
    Кітапханалық-ақпараттық орталықта өткен «Университетте ғылым күні»  оқырман қауымның ойынан шығып, жоғары бағаланды.