ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!

    Сіздерді төл мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен!

 

«Бір ел – бір кітап» акциясы

   «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Аталмыш акция аясында "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.
   30 қыркүйек 2021 жылы Кітапханалық-ақпараттық орталықтың оқу залында (гидро кешені, 6.2-9 оқу залы) «Экология» мамандығының 2 курс студенттерімен Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Періштелердің өлімі» - жан ауыртар  шындық бар ...» атты әдеби сағат өткізілді.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

    Назарбаев университетінің кітапханасы ЮНЕСКО-ның МАС жаһандық апталығын мерекелеуге арналған 2021 жылғы 25-29 қазан аралығында «Медиа және ақпараттық сауаттылық» апталығына қатысуға шақырады.

Оқуды жалғастыру