Кітапханалық- ақпараттық орталық №6 оқу залының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 6 қазан күні «Ұстаз» институтының жатақхана студенттеріне ағылшын жазушысы Джоан Кэтлин Роулингтің «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» шығармасы желісі бойынша түсірілген фильм көрсетілді. Бұл шығарма «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында 2021 жылы оқуға ұсынылған 30 үздік туындының ішінде аударма саласы бойынша таңдалып алынған балалар мен жасөспірімдерге арналған қиял-ғажайып роман.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті оқырмандар!
2021 жылдың 4 қазанында Кітапханалық - ақпараттық орталықтың №8 оқу залында «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институты, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» мамандығының 1-курс студенттеріне ақпараттық - медиалық сауаттылықты арттыру тренингі өткізілді. Тренинг барысында электронды каталогпен, жаңа келіп түскен әдебиеттер және мерзімдік басылымдармен, сондай - ақ электронды ресурстармен таныстырылды.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті оқырмандар!
#MIL_KZ21 аясында өз тәжірибеңізбен және пікіріңізбен бөлісуді ұсынамыз.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
● Ақпаратты іздеу кезінде қандай қиындықтарға тап боласыз?
● Тиімді іздеу үшін қандай кеңестер/әдістерді қолданасыз?
● Сіз жалған ақпаратқа қаншалықты жиі тап боласыз?
● Дұрыс емес ақпарат cіздің оқуыңызға немесе өміріңізге қандай әсер етуі мүмкін?
● Сіз жалған жаңалықтарды қаншалықты жиі кездестіресіз және оларды қалай анықтайсыз?
● Сіз фактчекинг жүргізесіз бе? Олай болса, қалай?
Қатысу ережелері:
Instagram–да пост жариялаңыз.
Сізге ыңғайлы медиа сүйемелдеуді пайдаланыңыз (фото, видео (1 мин)).
2 хэштег қосыңыз: #MIL_KZ21 #MILDU21
Ең танымал посттың авторы кітапханадан сыйлыққа ие болады.