Құрметті оқырмандар!
Кітапханалық-ақпараттық орталық (№4 оқу залы) «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.
«Экономика және құқық» факультеті, 2.6 корпус.
Құрметті оқырмандар!
Кітапханалық-ақпараттық орталық (№4 оқу залы) «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.
«Экономика және құқық» факультеті, 2.6 корпус.
Құрметті студенттер қауымы!
Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып, көңіл төрінде қатталып қалған студенттік кезең ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір жылдар талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны белгілі. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол Халықаралық студенттер күні.
Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2021 жылы таңдалып алынған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұранымен танымал қазақстандық авторлардың 30 үздік туындыларының бірі - ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» романы.