ХАБАРЛАНДЫРУ!

   Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

   Clarivate Analytics компаниясының маманы Инеш Кенжина  2021жылғы 15 қазанда сағат 15:00-де «Халықаралық журналдарда мақалалар жариялау. Үздік тәжірибелер мен ұсыныстар» тақырыбында онлайн форматта вебинар ZOOM платформасы бойынша жүргізетін болады. Вебинарға кіру туралы ақпаратты қамтитын растау хатын электронды пошта арқылы аласыз.
    ТІРКЕЛУ. 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

 Құрметті оқырман!

  Сіздерді 15 қазанда сағ.11.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2021» атты УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІНЕ шақырамыз. БАҒДАРЛАМА

Өтетін орны: Технологиялық кешені, Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2 қабат, №2 оқу залы

Оқырман назарына!

  2021 жылдың 14 қазанына дейін «Кітаппен Кретивті Селфи» атты  конкурс жарияланады.
 Қатысу ережелері:
- Кітаппен креативті селфи жасау;
- lib.tarsu (instagram), lib.DU (Facebook), lib_DU (Вконтакте) парақшаларына тіркелу, репост жасау және LIKE басу;
- әлеуметтік желілерде пост жариялау;
- суретке #КреативСелфисКнигойDU хештегін қосу.
 Конкурс жеңімпазы 15 қазан күні марапатталады.
Ең танымал посттың авторы кітапханадан сыйлыққа ие болады.
Сіздерге бірегей, қызықты, жарқын және позитивті сурет жасауды тілейміз!
Сіздерден  креативті идеялар мен сәтті фотосуреттер күтеміз!