Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!
EBSCO компаниясы сіздерді 2026 жылдың ақпан айында өтетін вебинарлар сериясына шақырады. Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі. Әр вебинардың ұзақтығы шамамен 1 сағатты құрайды.
Сізді қызықтыратын вебинарды таңдап, тіркелуіңізді сұраймыз. Вебинарлардың кестесін хаттың төменгі бөлігіндегі тіркемеден және осы сілтеме арқылы таба аласыз: https://ebsco-russian.zoom.us/calendar/search
Вебинар қатысушыларға сертификаттар беріледі.
23 ақпан, 12:00 (Астана уақыты) – ECM платформасы (EBSCOhost Collection Manager) – EBSCO электронды кітаптар каталогы. Кітап қорларын сатып алу және басқару (тек кітапханашылар үшін)
Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_HI0rdcGdTIORX19Brm3akg
NEW!!! 23 ақпан, 15:00 (Астана уақыты)– Бизнес және экономика ресурстарына арналған жаңа бизнес-интерфейс
Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_DpbOOd36S9CmRaBajg-WPQ
24 ақпан, 12:00 (Астана уақыты) – Қалта кітапханасы немесе EBSCO мобильді қосымшасы туралы қысқаша мәлімет
Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_z3_E5mg0TieWMw67JT2dyw
24 ақпан, 15:00 (Астана уақыты) – Medline және CINAHL ғылыми медициналық журналдар топтамасы – оқытушыларға, студенттерге, ғалымдарға және практик дәрігерлерге көмек
Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_PKgjwcnOTC6cRtDDZXWR9w
25 ақпан, 14:00 (Астана уақыты) – EBSCO Discovery Service VS Google Scholar – іздеу мүмкіндіктерін салыстыру. Ғылыми жарияланым дайындауда EBSCO Discovery Service пайдаланудың артықшылықтары
Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_bZayxdakSNyM9qq9dzuGGQ
26 ақпан, 14:00 (Астана уақыты) – EBSCO электронды ресурстары – әлемдік деңгейдегі мақалалар дайындауға арналған құралдар
Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_56V9nFGSQ8eYS2qve64hEA
Вебинар жүргізушісі: Сержан Ирина, клиенттерді оқыту жөніндегі маман (Молдова, Орталық Азия, Кавказ өңірі)
Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №2 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндеріне» және «Кафедралар күндеріне» шақырамыз!
- 2026 жылдың 24 ақпан - 13 наурыз аралығында, сағат 10.00-17.00 «Технологиялық» факультеті.
Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, RFID технологиясын пайдалану, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының https://lib.dulaty.edu.kz құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, E-UNI, PROF образование, EBSCO, eLIBRARY.RU, Web of Science, Wiley Online Library, Scopus отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
№2 оқу залы (2.1 технологиялық кешен)
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
Сіздерді «Бір ел – бір кітап – 2026» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің "Тағдыр" романы негізінде ұйымдастырылатын «Ұлт тағдыры – ұрпақ аманаты» тақырыбындағы пікірталасқа шақырамыз.
Іс-шараның мақсаты – шығармада суреттелген тарихи оқиғаларды талдау арқылы ұлттық сананы жаңғырту, жастардың бойында отансүйгіштік рух пен рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.
📅 Күні: 20 ақпан 2026 ж.
🕑 Уақыты: 14:00
📍 Орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, №5 оқу залы (4.1 кешен)
Келіп қатысып, тарихи ойлармен бөлісіңіздер!
Құрметті оқырман!
2026 жылдың 10 ақпанында қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жырдан жаралған тұлға» атты әдеби кеш өтеді.
Әдеби кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, өлең-жырлары оқылып, рухани мұрасы дәріптеледі.
Сіздерді мәнді де мазмұнды әдеби кешке қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
№6 оқу залы (5.2 педагогикалық кешен).
Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
2026 жылы университетімізге ғылым, технология, медицина және білім беру салаларындағы ең ірі ресейлік ақпараттық-талдамалық портал - eLIBRARY.RU- ғылыми электрондық кітапханасына қолжетімділік берілгенін хабарлаймыз.
Аталған кітапханада 38 миллионнан астам ғылыми-техникалық жарияланымдар мен патенттердің аннотациялары мен толық мәтіндері қамтылған, соның ішінде 5600-ден астам ресейлік ғылыми-техникалық журналдардың электрондық нұсқалары бар. Олардың 4800-ден астамы ашық әрі тегін қолжетімді.
Мұнда университеттің профиліне сәйкес ғылыми журналдармен таныса аласыздар: техникалық ғылымдар, ақпараттық технологиялар, химия және тамақ өнеркәсібі және т.б. (33 аталым).
eLIBRARY.RU жазылмалы басылымдарына қол жеткізу үшін әрбір пайдаланушы Ғылыми электрондық кітапхананың сайтында жеке өзі тіркеуден өтуі қажет:
https://support.elibrary.ru/KnowledgeBase/Category/63
Өз деректеріңізбен кірген кезде, басты беттің төменгі оң жақ бұрышында қолжетімді басылымдар туралы ақпарат - screenshot баннерінде көрсетіледі. Оны басу арқылы жазылуы бар басылымдар тізіміне өтесіз:
https://support.elibrary.ru/KnowledgeBase/Issue/217?categoryId=89
Сіз өзіңізге керек жарияланымдардың толық мәтінін жүктей аласыз, компьютерге сақтай аласыз, электрондық пошта арқылы жібере аласыз және білім беру мақсатында басып шығара аласыз. Бірақ, жүктелетін жарияланымдар саны шектеулі: тәулігіне 40 материалдан артық болмауы тиіс.
Сіздердің назарларыңызға «Пайдаланушы нұсқаулығын» ұсынамыз: https://clck.ru/3RdjPP
Сіздерді Кітапханалық-ақпараттық орталықтың сайтына шақырамыз:
https://lib.dulaty.edu.kz
Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!
2026 жылы EBSCO компаниясының Academic Search Premier және eBook Academic Collection деректер базаларына қолжетімділік берілгенін хабарлаймыз!
Academic Search Premier - мультидисциплинарлық толықмәтінді журналдар, анықтамалықтар мен кітаптар, конференция жинақтары және басқа да жарияланымдар қоры. Бұл база 6548 толықмәтінді ғылыми журналды, 357 кітап пен монографияны, 44 ғылыми конференциялар жинағын және 300-ден астам басқа жарияланымды қамтиды.
Сонымен қатар, 19710-нан астам ғылыми басылым 127 елден 6350-ден астам баспаның материалдары негізінде индекстеледі.
Ғылыми база басылымдары жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік, техникалық және медициналық ғылымдар саласындағы 1900-ден астам пәндік бағытты қамтиды.
EBSCO eBook Academic Collection - академиялық тақырыптардың кең ауқымын қамтитын пәнаралық электрондық кітаптардың үлкен жинағын ұсынады.
Бұл пакетке білімнің түрлі салаларын қамтитын 237 000-нан астам электрондық кітаптар коллекциясы кіреді, олардың қатарында Oxford University Press, MIT Press, State University of New York Press, Cambridge University Press, University of California Press, McGill-Queen’s University Press, Harvard University Press және басқа да жетекші университеттік баспалардың басылымдары бар.
Сондай-ақ академиялық баспалар қатарында Elsevier Ltd., Ashgate Publishing Ltd., Taylor & Francis Ltd., SAGE Publications Ltd. және John Wiley & Sons, Inc. атап өтуге болады.
Ағылшын тіліндегі басылымдармен қатар, жинаққа әлемнің 75 тілінде жарық көрген кітаптар да енгізілген (барлығы 692 баспа).
Мұнда құқық, экономика және бизнес, әлеуметтік ғылымдар, тарих, білім беру және басқа да салалар бойынша әдебиеттерді табуға болады.
Электрондық кітаптардың қамту мерзімі: 1963 жылдан қазіргі уақытқа дейін.
24 Ақпан 2026
13