
Құрметті оқырман қауым!
Сіздерді Қазақстан Республикасының басты мерекелерінің бірі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы, ел үшін жанын қиған ерлердің өшпес ерлігі мен жас ұрпақтың асқақ рухының жемісі. Желтоқсан оқиғасында ел болашағы үшін бастарын бәйгеге тіккен қайсар жастардың ерлігі бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасына айналды.
Көк Туымыз көкте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, болашағымыз баянды болғай!
Құрметті журнал баспагерлері мен редакторлары!
Ғылыми еңбектердің қамтылуы мен ықпалын кеңейтуді мақсат ететін журнал баспагерлері мен редакторларына арналған онлайн іс-шараға Сіздерді шақырамыз!
Wiley Online Library 11 желтоқсан күні, сағат 15:00-де редакторларға арналған маңызды вебинарға шақырады:
«Журнал баспагерлері мен редакторлары зерттеулердің ықпалы мен көрінуін қалай арттыра алады»
Тіркеу сілтемесі: https://register.gotowebinar.com/register/4723739899338665307
Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар!
📆 IPR MEDIA сіздерді желтоқсан айындағы онлайн іс-шараларға шақырады:
🔔 16 желтоқсан сағат 13:00 – Сараптамалық талқылау «Новые образовательные программы и модули в вузах: вопросы внедрения и синхронизации с задачами экономики»
🔗 Тіркелу: https://iprmedia.timepad.ru/event/3703994/
🔔 18 желтоқсан сағат 16:00 – Сараптамалық зертхана «Преемственность образования: как СПО готовит специалистов для вузов будущего»
🔗 Тіркелу: https://iprmedia.timepad.ru/event/3702785/
🔔 23 желтоқсан сағат 16:00 – Үлкен демо-көрсетілім «Итоги года с IPR SMART: контент, сервисы и планы на будущее»
🔗 Тіркелу: https://iprmedia.timepad.ru/event/3703990/
Университеттің оқу ісі және цифрландыру жөніндегі проректорларын, кітапхана қызметкерлерін, әдіскерлерді, IT-білім беру жетекшілерін, кафедра меңгерушілерін, дипломдық жұмыс жетекшілерін — оқытушыларды хабардар етуді ұсынамыз!
Құрметті оқырмандар!
Кітапханалық-ақпараттық орталық заманауи кітапханаларға арналған RFID технологияларының жүйесін орнатып, кітапхана қорындағы кітаптарға RFID - белгі қоюды бастады. Осыған байланысты үйге пайдалануға алған кітаптарыңызды кітапханаға келіп, қайта тіркеуден өткізулеріңізді сұранамыз.
Абонемент №1 (2.1 технологиялық кешен, 2 - қабат) байланыс тел: 45-74-33
Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы және
жас ғалымдар
Сіздерді «Цифровая библиотека E-UNI.KZ — развиваем soft и hard skills студентов, преподавателей и сотрудников университетов» атты онлайн кездесуіне шақырамыз.
- 10 желтоқсан сағат 15:00
Кездесу барысында келесі тақырыптар талқыланады:
🔘 Цифрлық кітапхана E-UNI.KZ. Жаңа мағыналар мен мүмкіндіктер
🔘 Кітапхананың эволюциясы: аудиторияны кеңейту — оқытушылар, студенттер, қызметкерлер, менеджмент. Неліктен кітапхана тек кітаптардан көп нәрсе?
🔘 Университет қызметкерлерінің дамуының қазіргі сын-қатерлері: soft дағдылар мен үздіксіз білім алу
🔘 Практикалық қадамдар: кітапхана қалай корпоративтік оқыту орталығына айнала алады
🔘 Құралдар мен ресурстар: әртүрлі құзыреттерді дамыту үшін цифрлық материалдарды таңдау
🔘 Университеттердегі нақты мысалдар мен тәжірибелер, кітапхана корпоративтік аудиториямен жұмыс істейді
🔘 Кітапхананың университеттің стратегиялық серіктесі ретіндегі орнын нығайту
Тіркелу сілтемесі: https://edp-hub.kz/edp-soft-and-hard-skills
Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
Сіздерді онлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Wiley Online Library барлығына ашық вебинар өткізеді. Тіркеліңіз, пайдалы ақпарат алыңыз:
- 02 желтоқсан сағат 15.00
Тақырып: «Как успешно публиковаться в Wiley»
Тіркелу сілтемесі: https://register.gotowebinar.com/register/3964087311303903574
16 Ақпан 2026
18