EDP Hub: Сыйға кітап!
 
тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00

EDP Hub: Сыйға кітап!

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!

📚М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығы заманауи және сұранысқа ие әдебиеттермен толықтырылуда. ХІІІ Халықаралық «Академиялық кітапханаларды дамытудың заманауи трендтері» конференциясы аясында еліміздің цифрлық білім беру кеңістігіндегі жетекші серіктесіміз — «EDP Hub» компаниясы университет кітапханасының қорына 29 аталым бойынша 31 дана оқулықты сыйға тартты.
🚀 Сыйға берілген әдебиеттердің негізгі бөлігі қазіргі ең сұранысқа ие және қарқынды дамып келе жатқан салаларды қамтиды. Көрме сөрелерінен орын алған жаңа басылымдардың қатарында Python бағдарламалау тілін тереңдетіп оқытуға, Data Science негіздері мен үлкен деректерді талдауға, сондай-ақ жасанды интеллект, нейрожелілер және заманауи цифрлық құзыреттіліктерді дамытуға арналған өзекті оқулықтар мен әдістемелік құралдар бар. Бұл әдебиеттер IT-мамандықтарында оқитын студенттер мен магистранттар үшін ғана емес, өз зерттеулерінде цифрлық құралдарды қолданатын оқытушылар үшін де таптырмас көмекші құрал болмақ.
🤝 Кітапханалық-ақпараттық орталық нәтижелі ынтымақтастығы, кітапханалық-ақпараттық қызметті қолдауы және университеттің заманауи білім беру кеңістігін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін «EDP Hub» компаниясына шынайы алғысын білдіреді.
    Кітапханалық-ақпараттық орталық сіздерді жаңадан түскен барлық кітаптармен танысуға және білім көкжиектеріңізді кеңейтуге шақырады!