Құрметті студенттер!
Азамат Утенов өз оқырмандары арасында байқау жариялайды.
Қатысу шарты:
Төмендегі жарияланымға лайк басу: https://www.instagram.com/p/DOnvxfRiNDM/?igsh=NWFuOW9weWdvc3lj
Байқауға белсенді қатысушылардың арасында жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің қайнар көзіне айналатын кітап — Марк Аврелийдің «Өзіңмен әңгіме» туындысы ойнатылады.
Қатысу мерзімі: 23 қыркүйекке дейін.
Жеңімпаздардың есімдері ENACTUS Kazakhstan әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Құрметті Технологиялық факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы және
студенттері!
Кітапханалық – ақпараттық орталық Сіздерді, №2 оқу залы қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндері» және «Кафедра күндеріне» шақырамыз!
-2025 жылдың 22-30 қыркүйек аралығында «Ақпараттық жүйелер», «Автоматизация және телекоммуникация», «Қолданбалы информатика және бағдарламалау», «Қолданбалы математика және физика» кафедраларына;
-2025 жылдың 06-28 қазан аралығында «Тамақ өндірісі және биотехнология», «Текстиль, материалтану және стандартизация», «Дизайн және сән индустриясы», «Химия және химиялық технология» кафедраларына.
Іс-шараның мақсаты - білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныстыра отырып, кітапхана сайтының https://lib.dulaty.kz/ құрылымы туралы мағлұмат беру.
Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
Өтетін орны: №2 оқу залы (2.1-тех.кешені, 2-қабат).
Уақыты: 9.00-17.00 сағ.
EBSCO кітапханаға оның электронды ресурстарына уақытша қолжетімділікті қамтамасыз етті. Жинаққа жетекші халықаралық ғылыми журналдар, білімнің әртүрлі салаларындағы кітаптар мен мақалалар енгізілген.
Кіру университеттің IP мекенжайы арқылы ашық - логин немесе пароль қажет емес.
Университет желісіне қосылғанда ғана жұмыс істейді (компьютерлік зертханаларда, кітапханада, университеттің Wi-Fi желісінде).
Қол жеткізу шектеулі уақыт кезеңіне беріледі.
Біз барлық студенттер мен мұғалімдерді оқу және зерттеу үшін осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.
Ресурсқа сілтеме:https://research.ebsco.com/c/bgzl2b/search?db=aph%2Ce000tww%2Cfsr%2Cpos%2Ce031sww%2Cnlebk&isDashboardExpanded=true
Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
Сіздерді онлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Wiley Online Library барлығына ашық вебинар өткізеді. Тіркеліңіз, пайдалы ақпарат алыңыз:
- 11 қыркүйек сағат 15.00
Тақырып: «Введение в Wiley Online Library»
Тіркелу сілтемесі: https://register.gotowebinar.com/register/5883647697724985944
- 15 қыркүйек сағат 15.00
Тақырып: «Открытый доступ: почему все издательства переходят на него?»
Тіркелу сілтемесі: https://register.gotowebinar.com/#register/5440469744940609625
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!
Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім адам баласының өмірлік серігі, өз мүмкіндігін өмірінде жүзеге асыруда мол септігін тигізетін және өмір азығы болады. Ғылымның жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өмірде жоғарғы кәсіби білімді, өмірге деген талпынысты, жаңа инновациялық ізденістер мен талаптарды қажет етеді. Бірінші қыркүйек тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, болашаққа, жаңалық пен танымға толы мәнді өмірге жол ашады.
Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын!
Құрметті оқырмандар!
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы құтты болсын! Бұл маңызды тарихи күн — еліміздің құқықтық негіздерінің қалыптасқанын және демократиялық жолда нық қадам басқанын білдіреді.
Конституция — халқымыздың бірлігінің, әділеттіліктің және бейбіт өмірдің кепілі. Осы құжат арқылы елімізде адам құқықтары мен бостандықтары сенімді түрде қорғалуда.
Баршаңызға амандық, бейбітшілік, Қазақстанның гүлденуіне жаңа жетістіктер тілейміз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!
16 Ақпан 2026
19