Тарихы
Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
«Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік»
Ғ. Мүсірепов
Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана
Ә.Кекілбаев
Тарихқа көз жүгіртсек:
1958-2000 жылдары |
1958 жылы - Қазақ химия - технологиялық институтының Жамбыл қаласындағы филиалының кітапханасы құрылды.
1998 жылы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №256 Қаулысымен облыс орталығындағы үш жоғары оқу орны - Жамбыл педагогикалық институты, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты кітапханаларының бірігуімен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасы құрылды
|
| 2001-2010 жылдары |
2003 жылы - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының оқу жүйесіндегі кітапханаларға үйлестіруші, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталық болып табылды.
|
| 2011-2020 жылдары |
2013 жылы - Ғылыми кітапхана атауы «Кітапханалық-ақпараттық орталыққа» ауысты.
|
| 2021-2026 жылдары |
2024 жылының қыркүйек айынан бастап, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті екі тәуелсіз жоғары оқу орнына: М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті» (бұдан әрі – ТарУ) коммерциялы емес акционерлік қоғамы және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚазСШжИУ) болып бөлінді.
|
|
ДАНАЛЫҚТАН ҚАЗЫНА ЖИНАҒАНДАР |