тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00

Тарихы

  Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

 «Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы  ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік»

                                                                   Ғ. Мүсірепов

   Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана

Ә.Кекілбаев

                        Тарихқа көз жүгіртсек:

1958-2000 жылдары
   1958 жылы -  Қазақ химия - технологиялық институтының Жамбыл қаласындағы   филиалының кітапханасы  құрылды.
   1998 жылы  24 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №256 Қаулысымен   облыс орталығындағы үш жоғары оқу орны - Жамбыл педагогикалық институты,   Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ   өнеркәсібі технологиялық институты кітапханаларының бірігуімен   М.Х. Дулати   атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасы құрылды
2001-2010 жылдары
   2003 жылы -  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің   Ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының оқу жүйесіндегі кітапханаларға   үйлестіруші, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталық болып табылды.
 
2011-2020 жылдары
 
   2013 жылы - Ғылыми кітапхана атауы  «Кітапханалық-ақпараттық орталыққа»   ауысты.  
 
2021-2026 жылдары
 
   2024 жылының қыркүйек айынан бастап, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік   университеті екі тәуелсіз жоғары оқу орнына: М.Х.Дулати атындағы Тараз   университеті» (бұдан әрі – ТарУ) коммерциялы емес акционерлік қоғамы және   «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті»   коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚазСШжИУ) болып   бөлінді. 
 

1962 - 2026 жылдар аралығындағы кітапхана басшылары

           ДАНАЛЫҚТАН ҚАЗЫНА ЖИНАҒАНДАР