22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні, әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен бірліктің, ырыс пен берекенің символы. Бұл күн әр шаңыраққа қуаныш, әр жүрекке үміт сыйлап, елімізге амандық пен өркендеу әкелсін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, келешегіміз кемел болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
20 «наурыз» 2026
43