тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00

Хабарландыру!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,  жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді кітапханалық-ақпараттық орталықтың №6 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Кафедра күндеріне» шақырамыз!
   - 2026 жылдың 14 – 30 сәуір аралығында, сағат 10-00-17.00 «Педагогика және  әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру», «Педагогикалық психология», «Әлеуметтік психология», «Арнайы және әлеуметтік педагогика», «Мәдениет және өнер», «Музыка және көркемдік білім», «Философия және саясаттану», «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультеті «Алғашқы әскери дайындық», «Спорттық пәндердің әдістемесі», «Дене шынықтыру және спорт теориясының әдістемесі», «Дене тәрбиесі» кафедраларына.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен  ИРБИС 64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының https://lib.dulaty.edu.kz құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, E-UNI, PROF образование, EBSCO, eLIBRARY.RU, Web of Science, Wiley Online Library,  Scopus  отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                        Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                    №6 оқу залы (5.2 педагогикалық кешен)