ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ТарМУ кафедра меңгерушілері мен оқытушыларының назарына!

Кітапханалық-ақпараттық орталығы 2019 жылдың 2-жарты жылдығына Мерзімді басылымдарға жазылу уақытының басталғанын хабарлайды. 
Тапсырысты қабылдау мерзімі:  02.05.2019ж.- 20.05.2019ж.
Мекен-жайымыз: Кітапханалық-ақпараттық орталық, «Кітапхана қорын толықтыру және каталогтандыру» секторы (2-қабат, Тех.кешені, 2.1-211А) немесе 45-74-33 нөміріне хабарласыңыздар. 
Қабылдау уақыты: 09.00-ден 17.00-ге дейін.
Каталог және тапсырыстың электронды нұсқасы public$ - Факультеты - Библиотека - Подписной Каталог 2019-2.
public$ - Структурные подраздел - Библиотека - Подписной Каталог 2019-2.

«АҚПАРАТ АПТАЛЫҒЫ»

Құрметті "Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникациялар" факультетінің профессор - оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!
   Сіздерді, Кітапханалық - ақпараттық орталықта (2-2, оқу залы, 2-қабат, тех.кешен) 29.04.-04.05.2019ж. аралығында ұйымдастырып отырған «Ақпарат апталығына» шақырамыз. Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша кітапхана қорына жаңа келіп түскен кітаптармен және  электронды оқулықтармен таныса аласыздар.
    КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!

«МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ - КІТАП»!

«Менің таңдауым - КІТАП» атты PR – акция.

   «2019 жыл – жастар жылы» деп жариялануына байланысты өткізілетін «Жастардың таңдауы - КІТАП» PR - акцияның жоспарына сәйкес 23-сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орайластырылып технологиялық кешеннің оқу залында іс - шара өтті. Іс – шара белсенді жастардың «Бірге кітап оқиық!» флешмобымен басталды.
   Табысқа жету жолындағы кітаптың алатын орны жайында «Кітап – менің өмірімде» атты кездесуге ТарМУ-нің бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор А.Абдуалы қонаққа келіп, ой бөлісті.

Оқуды жалғастыру