
Құрметті оқырман қауым!
Сіздерді Қазақстан Республикасының басты мерекелерінің бірі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы, ел үшін жанын қиған ерлердің өшпес ерлігі мен жас ұрпақтың асқақ рухының жемісі. Желтоқсан оқиғасында ел болашағы үшін бастарын бәйгеге тіккен қайсар жастардың ерлігі бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасына айналды.
Көк Туымыз көкте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, болашағымыз баянды болғай!
Қазақша
Русский
English