Яндекс.Метрика

                                                                                                                

«НҰР СЕБЕЛЕ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ»!

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді.
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! деп кітапхана қызметкерлері №2 Жатақхана - «Білімгерлер үйінде» тұратын университет білімгерлерін №11 түнгі оқу залында 2019 жылдың 13 наурыз күні - Мейрам басы – Көрісу күні қауышып, төс қағысып, жылы лебіздер білдіріп - НАУРЫЗ КӨЖЕДЕН ДӘМ ТАТЫП, «Нұр себеле ұлыстың ұлы күні» атты әдеби кешке қатысуға шақырды. 
Студент қауым - ұлттық тағамдарға толы дастарханнан және жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көжеден дәм татып, Наурыз мейрамына арналған өлең оқып, ән шырқап, күй тартып - өз өнерімен бөлісті.
Өткізілген іс-шараның мақсаты - жастарды ұлттық салт-дәстүрге баулу, рухани-мәдени құндылықтарға, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына, патриоттық тәрбиенің басымдығына негіздеу болып табылады. АҚ МОЛ, ЖЫЛ  ЫРЫСТЫ  БОЛСЫН!