Яндекс.Метрика

                                                                                                                

«МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ - КІТАП»!

«Менің таңдауым - КІТАП» атты PR – акция.

   «2019 жыл – жастар жылы» деп жариялануына байланысты өткізілетін «Жастардың таңдауы - КІТАП» PR - акцияның жоспарына сәйкес 23-сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орайластырылып технологиялық кешеннің оқу залында іс - шара өтті. Іс – шара белсенді жастардың «Бірге кітап оқиық!» флешмобымен басталды.
   Табысқа жету жолындағы кітаптың алатын орны жайында «Кітап – менің өмірімде» атты кездесуге ТарМУ-нің бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор А.Абдуалы қонаққа келіп, ой бөлісті.
   Уақытқа тәуелді емес, әлем  мойындаған, оқырмандар сүйіп оқитын әлемдік және қазақ классиктерінің шығармаларынан топтастырылған, әрбір жас оқуға міндетті  -  100 кітап бойынша ұйымдастырылған әдеби дилижанс – байқауының мақсаты:жастардың жаппай компьютерлік технологиямен әуестенуі кезеңінде рухани мұраттар мен құндылықтарды өркендету, сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру, шешендік сөз өнеріне жастарды баулу, сөздік қорларын дамытып, өз ойларын анық және еркін жеткізуге жетелеу, жастардың ұлттық және әлемдік әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру.
   01-23 сәуір аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталық, Медиа-қызмет бөлімі, Жастар ісі жөніндегі комитет бірігіп, кітап сүйер қауым арасында әрбір жас оқуға міндетті «Ең үздік 100 кітап» бойынша ұйымдастырған байқауға университетіміздің барлық факультетінен студенттер қатысты. 01-23 сәуір аралығында «Ең үздік 100 кітап» тізімі бойынша түсірілген фильмдер көрсетілімі болды.
   22 сәуір күні «Менің сүйікті кітабым» атты әдеби дилижанс байқауына қатысқан студенттерді тіркеп, әділқазылар алқасы сұрақтар қою арқылы жеңімпаздарды анықтады, «Менің сүйікті кітабым» атты әдеби дилижанс байқауы әлеуметтік желі арқылы жүргізілді.
   «Ең үздік 100 кітап» тізімі бойынша электронды кітап көрмесі жасалды, ең көп кітап оқыған студент марапатталды.
22 сәуір күні «Менің сүйікті кітабым» атты әдеби дилижанс байқауына қатысқан студенттерді тіркеп, әділқазылар алқасы сұрақтар қою арқылы жеңімпаздарды анықтады, «Менің сүйікті кітабым» атты әдеби дилижанс байқауы әлеуметтік желі арқылы жүргізілді.
«Ең үздік 100 кітап» тізімі бойынша электронды кітап көрмесі жасалды, ең көп кітап оқыған студент марапатталды.
Сайыстың қорытындысына сәйкес, 41 кітап оқыған технологиялық факультеттің «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенті Дариға Қоңырова бас жүлдені жеңіп алды. Ал, 38 кітап оқыған гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Жазира Жәкенова мен 27 кітап оқыған осы факультеттің студенті Индира Дүйсенбаева бірінші орынды иеленсе, технологиялық факультеттің  студенті Аружан Бейбітова мен гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Айдана Торткулбаева екінші орыннан көрінді. Сондай-ақ 12, 14 кітап оқыған Диана Қанай мен Назерке Исраилова үшінші орынға ие болды. Бас жүлде мен екі бірінші орын иеленген студенттер «Балдәурен – Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама жеңіп алса, қалған жеңімпаздар кітаптармен және ТарМУ-дың брендтік өнімдерімен марапатталды. Жеңімпаздардың сыйлықтарын университеттің бірінші проректоры, т.ғ.д. профессор А. Абдуалы, факультет декандары табыстады.
Келесі кезекте «COWORKING  ZONE» еркін ой алаңының тұсаукесері болды. «COWORKING  ZONE» - жастардың еркін ой алаңын университетіміздің бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор А.Абдуалы мен әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі проректоры,  т.ғ.к., С.Мусаев ашты. Мерекелік іс-шара буккроссинг – халықаралық қозғалысына университет қызметкерлерін, оқытушыларды, студент жастарды тіркеумен жалғасты.
«Ең қымбат сыйлық – кітап» атты библиолотерея ұтыс ойыны ұйымдастырылды. Викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауабын тапқан қонақтарға сыйлықтар берілді. Кітапханалық - ақпараттық орталықтың 2.1 оқу залында докторанттар мен магистранттардың қатысуымен өтетін экспресс-тренинг өткізілді. Экспресс-тренингті біліктілігі жоғары деңгейдегі библиограф  Д.Искакова жүргізді.                   
Сондай-ақ, Ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары жастар жылы тақырыбына байланысты көрме-инсталляция ұйымдастырып, келген қонақтарды таныстырды. Іс-шара өте қызықты, әрі тартымды өтті.