Виртуалды анықтама қызметі - барлық тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат іздеуге байланысты КАО-тың қашықтықтағы пайдаланушыларына қызмет көрсетілуіне арналған онлайндық анықтамалық-библиографиялық қызмет.
Виртуалды анықтама қызметі мыналарды орындайды:
- КАО-тың қорында бар нақты құжаттың бар екенін дәлелдеу сұраныстарын;
- тақырыптық сауалдарды. Осы сұраныс бойынша белгілі бір тақырыптағы құжаттар тізбесі бар анықтама беріледі;
- фактографиялық сауалдарды (нақты оқиға, мекеме, атақты тұлға туралы мәлімет, анықтамалық, энциклопедиялар және т.б. бойынша терминдерді анықтау). Осы сұраныс бойынша пайдаланушыға ақпарат көздері бар анықтама беріледі;
- нақтылау сұраныстар.
Сұраныстар күнделікті қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және түскен ретімен 1-3 күнде орындалады. Орындалған сұраныстар мұрағатынан қажетті ақпаратты өзініз таба аласыз.
Негізгі шектеулер:
Мына сауалдар қаралмайды: КАО қызметінің тақырыптық бағыты шеңберінен шығатын мәселелер; заң және нормативтік актілерді түсіндіру және талдау; оқыту мазмұндағы ақпарат беруге (математикалық, физикалық, химиялық және басқа есептерді шығару, мәтіндік жұмыстарды орындау – реферат, курстық және дипломдық жұмыстар және т.с.с., мәтіндерді аудару); дұрыс емес қойылған сауал.