Құрметті оқырмандар!
19 қазан күні Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №6 оқу залы мен «Физика және ІТ» («Ұстаз» институты) кафедрасы студенттерінің ұйымдастыруымен қазақтың белгілі жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбековтың 85 жылдығына арналған «Зергер сөздің шебері» тақырыбында портрет кеші өтті.