ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді , 2025 жылы жаңа түскен республикалық және ресейлік мерзімді басылымдармен танысуға Кітапханалық-ақпараттық орталыққа келуге шақырамыз!   Мұнда сіздер әр салалар бойынша  соңғы жаңалықтармен таныса аласыздар: экономика, тамақ өнеркәсібі, педагогика, гуманитарлық ғылымдар, химия өнеркәсібі, техникалық ғылымдар және т.б.
                                                Келіңіздер! Танысыңыздар!
  Мекен-жайымыз: КАО, №2 оқу залы (2.1 тех.кешен) 
  Кітапхана сайты:   http://lib.dulaty.kz/

9 мамыр - Жеңіс күні!

Құрметті оқырмандар!

   Сіздерді, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
   Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, ол - сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – мерекенің жемісі. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
   Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз! Отан үшін от кешкен аталарға тағзым етеміз!

1 Мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні

Құрметті достар!

               Сіздерді 1мамыр – Қазақстан халқының достығы   және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

    Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен   патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
  Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып    табылады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа  кенелсін!