Әлем әдебиеті теориясы қазақ тілінде

    2019 жылдың 11- желтоқсанында сағ.14.30 да университетіміздің кітапханалық - ақпараттық орталығының №1 оқу залы мен «Филология және журналистика» кафедрасының 1-2 курс студенттерінің  ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылған «Әлем әдебиеті теориясы» жинақтары  таныстырылады.  «100 жаңа  оқулық» «ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ ТЕОРИЯСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ» атты оқырман  конференциясы өткізілді.

Фариза Оңғарсыноваға 80 жыл!

   М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы және ГӘҒФ-нің белсенді студенттері 2019 жылдың желтоқсан айының 13 жұлдызында, қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Тыңда мені жүрекпен» атты әдеби-сазды  кешін өткізді.

Оқуды жалғастыру

Фариза Оңғарсыноваға 80 жыл!

Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді 2019 жылдың желтоқсан айының 13 жұлдызында, сағ.11.00-де қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай өткізілетін «Тыңда мені жүрекпен» атты  әдеби-сазды кешіне қатысуға шақырамыз!

 Сонымен қатар, ақынның шығармашылығына арналған «Жырларым –менің сырларым» атты кітап көрмесін ұсынамыз.

     Өтетін орны: ГӘҒФ КЕШЕНІ, № 1 оқу залы.

 Ұйымдастырушы: М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы және ГӘҒФ-нің белсенді студенттері.