Ақпарат күніне!

Құрметті «Мұнай, газ және механика» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!

   Сіздерді 24.10. - 05.11.2019ж. аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталық (№6-2 Абонемент, Ғылыми оқу залы, гидро.кешен) ұйымдастырып отырған «Ақпарат күніне» және «Кафедра күндеріне» шақырады. Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша кітапхана қорымен, жаңа түскен әдебиеттермен және электронды ресурстармен таныса аласыздар.

 КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!

Бейімбет Майлин – 125 жыл

    2019 жылы 17 қазан күні Кітапханалық - ақпараттық орталық №6-6 оқу залының кітапханашысы  Д.А.Биназарова "Су шаруашылығы, экология және құрылыс" факультетінің «Экология» кафедрасының оқытушысы С.Жигитова бастаған 6В05213 – «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының 6В05213-19/1, 6В05213-19/3 топтарының 1 курс студенттері арасында қазақтың көрнекті жазушы Б.Майлиннің 125 жылдығына орай - «Бейімбет Майлин- ақын, реалист» атты ауызша журнал өткізді. Оқырман назарына, кітапхана қорында бар,  ұлы жазушының -  «Шұғаның белгісі»,  «Ел сыры», «Азамат Азаматыч. Ұлпан», «Қызыл жалау: роман, повесть, әңгіме, пьеса, фельетон, очерктер»,   «Бес томдық шығармалар жинағы»: өлеңдер, поэмалар», «Шығармалар Т.3, 4: Повестер мен әңгімелер»,  «Бес томдық шығармалар жинағы.Т.3»,  «Рыжая полосатая шуба»- атты шығармалары ұсынылды.

            

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

      2019 жылдың 17 қазан күні, сағ.18.00-де «Білімгерлер үйінде»/№2 жатақхана/Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №6-11 оқу залында, жатаханада жатып оқитын университет студенттерімен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  Жолдауын талқылауға арналған - «Игілігі мол Жолдау» атты дөңгелек үстел өткізілді.

   Іс шараға қатысушылар Жолдаудың бөлімдерімен танысып, туындаған ой-өрісімен бөлісіп, азаматтық позициясын білдірді.  Дөңгелек үстел тартымды да, мағыналы өтті.