Қарашаның 4-5 күндері Кітапханалық- ақпараттық орталықтың педагогика кешенінің №7 оқу залында Жаратылыстану ғылымдары факультетінің барлық мамандықтарымен «Кафедра күні» өтті.
Іс-шарада мамандықтар бойынша қордағы бар оқулықтар, электронды оқулықтардың пайдаланылуына талдау жасалынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорынан қазақ тіліне аударылған 30 аталым оқулықпен таныстырылды. Кітапхана сайтын оқу-іздену үрдісінде пайдалану мүмкіндігі түсіндірілді.