Хабарландыру

Құрметті оқытушылар, қымбатты студенттер!

      ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылған «Әлем әдебиеті теориясы»жинақтары таныстырылады.

       «Әдебиет теориясына кіріспе» және 4 томдық «Әдебиет теориясының антологиясы» бұл оқулықтар қазақ оқырмандарына әлемдік әдебиет теориясының жаңа зерттеу бағыттарын ұсынады. Әдебиеттанудың өзекті мәселелерін қозғаған мұндай оқулық әдебиеттану  мен лингвистика және қазақ тілі мен филология салаларында білім алып жүрген талапкер үшін қажеттілігі  жоғары «100 жаңа оқулық» «ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ ТЕОРИЯСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ» атты оқырман конференциясына, 11 желтоқсан күні сағ.14:30-да қатысуға шақырамыз.

       Өтетін орны: Қапаш Тасболатұлы атындағы педагогикалық шеберлік кабинеті.  Ауд.1,3-201

Хабарландыру

Құрметті оқытушылар, докторанттар және магистранттар!

  2020 жылдың 31 наурызына дейін «Гребенников «Баспа үйінің» электронды кітапханасы қорының сынақ нұсқасына мүмкіндік беріліп отыр.         

 Grebennikon электронды кітапханасында «Гребенников «Баспа үйінің» мамандандырылған журналдарында маркетинг, менеджмент, қаржы, кадрлар тақырыптары бойынша жарияланған мақалалар қамтылған.

Бейімбет Майлин – 125 жыл!

   М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің Кітапханалық-ақпараттық орталығының  Көркем әдебиет секторы мен «Көзайым» әдеби-шығармашыл жастар үйірмесі 2019 жылдың желтоқсан айының  11 жұлдызында, қазақтың аса көрнекті суреткер жазушысы, ақын, драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай және жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында«Ұлылардың ұлағаты» атты  әдеби-танымдық  кешін өткізді.

Оқуды жалғастыру