ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру"  факультетінің профессорлық - оқытушылар құрамы, докторанттары мен магистранттары!

    Сіздерді 26.11 .- 05.12.2019ж. аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталық (№2-2, оқу залы, 2-қабат, тех.кешені) ұйымдастырылып отырған «Факультет декадасына» шақырамыз. Сіздер мұнда білім беру бағдарламалары бойынша кітапхана қорына жаңа келіп түскен кітаптармен және  электронды ресурстармен таныса аласыздар.

КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!

Бейімбет Майлин – 125 жыл

      2019 жылы 26 қараша күні сағ.10.00-де Кітапханалық-ақпараттық орталық №6-5 оқу залында Су шаруашылығы, экология және құрылыс  факультетінің  «Экология»  кафедрасының оқытушысы Жигитова С.З. бастаған 6В05213-19/1, 6В05213-19/3 топтарының 1 курс студенттерімен бірігіп кітапхана қызметкерлері қазақтың көрнекті жазушысы Б.Майлиннің 125 жылдығына орай - «Бейімбет Майлин-қазақ әдебиетінің классигі» атты портреттік кеш өткізеді.

Келіңіздер! Қатысыңыздар!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

      2019 жылы 21 қараша күні, сағ.18.30 Кітапханалық-ақпараттық орталық жатақханада тұрып, оқитын университет студенттерімен бірге «Бір ел-бір кітап» -2019 аясында   «Әбділда  Тәжібаев- мөлдір поэзия әлемнің жаршысы» атты  поэзиялық кеш өткізеді.  Сіздерді поэзиялық әлеміне саяхат жасауға шақырамыз!

      Өтетін орны:  КАО,  № 6-11 оқу залы,  «Білімгерлер үйі» ( №2 жатақхана)

       Келіңіздер! Қатысыңыздар!