ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқытушылар, магистранттар, студенттер және әріптестер!

      Сіздерді 27 желтоқсанда М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Кітапханалық-ақпараттық орталық оқу залында, сағ.11.00-де өтетін «Library Awards - 2019» атты мерекелік іс-шарасына қатысуға шақырамыз.

ЖАҢА КІТАПТАР

 Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!

   Кітапханалық-ақпараттық орталыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының аясында жарық көрген «Дала фольклорының антологиясының» бес томдық жинағы мен «Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының бірінші томы және «Ежелгі дәуір әдебиеті» антологиясының бірінші томының келіп түскенін хабарлаймыз!

 

16 Желтоқсан: Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті оқырман қауым!

   Cіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

 Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

   Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

   Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын, елдігіміздің ғұмыры ұзақ болсын! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамалар сәтті болсын!