Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді.
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық! - деп кітапхана қызметкерлері №2 Жатақхана - «Білімгерлер үйінде» тұратын университет білімгерлерін №11 түнгі оқу залында 2019 жылдың 13 наурыз күні - Мейрам басы – Көрісу күні қауышып, төс қағысып, жылы лебіздер білдіріп - НАУРЫЗ КӨЖЕДЕН ДӘМ ТАТЫП, «Нұр себеле ұлыстың ұлы күні» атты әдеби кешке қатысуға шақырды.
Оқуды жалғастыру