Яндекс.Метрика

                                                                                                                

ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ҚАЙРАТКЕР

   Қазақ еліне белгілі тұлға, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтуға өзінің лайықты үлесін қоса білген қайраткер, есімін әлем таныған академик-ғалым Марс Үркімбаевтың рухын тербетіп, артынан лескен жас ұрпақ ғалымдар атын асқақтату мақсатында 2021 жылы 26 қараша күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде М.Ф.Үркүмбаевтың «VI Үркімбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияның ашылу рәсімінің аясында, кітапханалық-ақпараттық орталық тарапынан «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Марс Фазылұлы Үркімбаев- өмірдің барлық көріністерінде өзінің өмірге деген құштарлығымен, жан-жақтылығымен, өмірлік бай тәжірибесімен бөлісе білген тұлға екендігін айқындайтын 100-ден аса деректер, материалдар, фотосуреттер, ғылыми еңбектері қонақтар назарына ұсынылды.