ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

     Сіздерді 2021 жылдың 20-25 қыркүйек аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №4 оқу залы ұйымдастырып отырған «Ақпарат апталығына» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен  таныса аласыздар.

     Өтетін орны:«Экономика және құқық» факультетінің №4 оқу залы (9.00-17.00 сағ.)

КЕЛІҢІЗДЕР! ТАНЫСЫҢЫЗДАР! КҮТЕМІЗ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті «Технологиялық» факультетінің студенттері, магистранттары және жас ғалымдары!

    Сіздерді 2021 жылдың 15-22 қыркүйек аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың 2-оқу залы ұйымдастырып отырған «Ақпарат апталығына» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен  таныса аласыздар.

    Өтетін орны:технологиялық кампус, 2-қабат, 2-оқу залы (9.00-17.00 сағ.)

КЕЛІҢІЗДЕР! ТАНЫСЫҢЫЗДАР! КҮТЕМІЗ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

   Clarivate компаниясы 2021 жылғы 13 қыркүйекте сағат 11:00-де басталатын Web of Science платформасының құралдары бойынша онлайн форматта сертификаттау бағдарламасын жүргізетін болады. Clarivate сертификаттау бағдарламасы Web of Science негізгі ресурстарын пайдалану, сондай-ақ ғылымиметрикалық сауаттылық саласында сертификатталған мамандар мен сарапшыларды даярлауды қамтитын болады. Бағдарлама жоспарына тек теориялық дәрістер ғана емес, сонымен қатар Web of Science Core Collection деректер базасымен, платформада индекстелетін ғылыми журналдар туралы ақпаратпен жұмыс істеу тәжірибесін алуға, сондай-ақ InCites ғылыми қызметін талдау және басқару жүйесімен танысуға бағытталған практикалық сабақтар циклы енгізілген.
Тіркелу
ZOOM платформасы бойынша өткізіледі.