Назар аударыңыз!

Біз акцияның басталғанын жариялаймыз:
«Автор кітабы!»

   Авторлардың өздері кітапханаға кітаптарын береді. Сыйлық алу әрқашан керемет! Кітапханашылар үшін де, оқырмандар үшін де кітапхананың кітап қорын толықтыру әрқашан қуанышты оқиға! Ал егер қолтаңбалары бар кітаптарды авторлардың өздері сыйлыққа әкелетіні болса, тіпті керемет! 03.04. - 23.04.2023ж. аралығында акцияның басталғаны туралы хабарлаймыз.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары және студенттері!

   Сіздерді, 2023 жылдың сәуір айының 5-12 аралығында сағ.10.00-17.00 «Кафедра күндеріне» шақырамыз. 
   Негізгі мақсаты: жаңа түскен кітаптармен, қолжетімді электрондық-кітапханалық жүйелермен және тесттік қолжетімді электрондық ресурстармен таныстыру.
   Мекен-жайымыз: Кітапханалық-ақпараттық орталық, 6.2 гидро кешен, №9 оқу залы.

БАЙҚАУ!

   «Махаббат мейрамы», «Ғашықтар», «Алтын құс», «Жанталас» - бұл шығармалармен таныссыз ба? Жазушы Ілияс Есенберлиннің шығармашылығымен тереңірек танысып, тамаша сыйлықтар – автордың кітабын алғыңыз келе ме?!
   Олай болса, «Оқы және жең!» атты байқауымызға қатысуға шақырамыз.
   Біздің конкурсқа қатысу үшін сіз:
   - lib_du (instagram) және демеушіміз @aza.utenov парақшаларына жазылыңыз;
   - @aza.utenov соңғы жарияланымдарына ЛАЙК басыңыз;
   - І.Есенберлиннің кітаптарымен креативті суретке түсу;
   - парақшаңызға #КреативСелфисКнигойDU хэштегімен фото қосыңыз.
   Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар іріктеліп, 24 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған іс-шарада байқауға қатысушыларға демеушіміз Азамат Утеновтан кітаптар табысталады!
   Ендеше!... оқы да  достарыңа жеткіз, өзіңмен бірге ертіп кел!