Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Заманауи білім беру және ғылыми қызметтегі электронды ресурстар мен ғылымиметриялық құралдар

   Ғылымиметрия бүгінде ғылыми ұйымдардың қызметін талдау мен бағалаудың, сондай-ақ зерттеулердің даму стратегиялары мен болжамдарын құрудың тиімді құралы болып табылады. Ғылымиметриялық зерттеулер жүргізу үшін ғылымиметриялық мәліметтермен жұмыс істеу білімі мен дағдылары бар мамандар қажет.
   Осы мақсатта 2023 жылдың желтоқсан айының 11-нен 14 күндер аралығында  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  басшылығының  қолдауымен, «Кадрлардың білііктілігін арттыру және қайта даярлау» орталығының ұйымдастыруымен  кітапханалық-ақпараттық орталықтың директор орынбасары Рыбалкина Н.В. және ДҚҮжКПА бөлімінің ІТ мамандары профессорлық-оқытушылар құрамына «Заманауи білім беру және ғылыми қызметтегі электронды ресурстар мен ғылымиметриялық құралдар» атты 24 сағаттық  біліктілікті арттыру курстарын өткізді.   

Өткізілген іс-шараның мақсаты:
-  Тыңдаушыларда  әлемдік ғылымиметриялық жүйелер туралы жүйелі  идеяларды қалыптастыру;
- Библиометриялық көрсеткіштер және оларды анықтау принциптері туралы білімді жетілдіру;
-  Ғылыми жарияланымдарды іздеу саласындағы білімді кеңейту;
- Жариялау үшін журналдарды іздеу бойынша рәсімдік білімді қалыптастыру;
-  Web of Science, Scopus жүйелерінде өздерінің наукометриялық көрсеткіштерін  анықтау;
- Университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жарияланымдық белсенділігінің өсуін қамтамасыз ету.
   Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларына қойылатын біліктілік және аккредиттеу талаптарының негізгі көрсеткіштерінің бірі «Электрондық ақпараттық-білім беру ортасының болуы» болып табылады. Сондықтан кітапханалық-ақпараттық орталықтың электронды кітапханасы  - университеттің ғылыми зерттеулерінің көріну және әсер ету құралы ретінде болып табылады.
   Сабақ барысында, профессорлық-оқытушылар құрамы - РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR-Smart, Университетская библиотека онлайн, Scopus, Web of Science, Wiley Online Library, Cab Abstracts -  қол жетімді отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен  танысып, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарын қарастырып, кітапхана сайтының  http://lib.dulaty.kz/  құрылымымен, «Онлайн қызмет көрсету», «Зерттеушілерге», «Оқырмандарға», оқырман ретінде тіркелу жолдары және  т.б. мүмкіндіктер туралы мағлұмат алды.
   Тыңдаушылар өткізілген курстың маңыздылығына тоқтала кетіп, алған жаңа дағдылар мен білімдерді тәжірибеде қолдана алатындығана сенім білдірді.