КАФЕДРАЛАР КҮНДЕРІ

Құрметті «Ұстаз» институтының студенттері, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен жас ғалымдары!

   Сіздерді 2023 жылдың 27-31.03 аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №5 оқу залы ұйымдастырып отырған «Кафедралар күндеріне» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен  таныса аласыздар.    
  Өтетін орны: педагогикалық кампус, 1-қабат,5-оқу залы (9.00-17.00 сағ.)
   КЕЛІҢІЗДЕР! ТАНЫСЫҢЫЗДАР! КҮТЕМІЗ!

ВЕБИНАР!

Құрметті оқырмандар!
Сіздерді алдыңғы аптада өтетін вебинарлар кестесімен таныстырамыз.
Назар аударыңыз! Вебинарларға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

1. Begell House - инженерлік және биомедициналық зерттеулер топтамаларына арналған нұсқаулық
28 наурыз,сағ.15:00
https://us06web.zoom.us/j/87087833627?pwd=T2pKdWNUdy9iQlFhQzRGNVlUZElGUT09
2. World Scientific- Зерттеу мен оқытуға арналған World Scientific электрондық ресурстары
29 наурыз,сағ.15:00
https://us06web.zoom.us/j/81775548842?pwd=T0QxYTlkcGZHaFR3bThIc1FLTG8ydz09
3. Taylor&Francis -баспа өнімдері
30 наурыз,сағ.15:00
https://us06web.zoom.us/j/89557927343?pwd=eXRTNmQ5TWt0YkZjbnJCU0tENFlCUT09
4. McGraw-Hill - Access medicine платформасын пайдалануға шолу
31 наурыз,сағ. 15:00
https://us06web.zoom.us/j/85731320272?pwd=WVJsZXI5SFM1UWFzREsvdERBZXVSdz09      

 

Наурыз құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

   Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
   Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
   Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
   Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!