ХАБАРЛАНДЫРУ!

     7 сәуір - Бүкіләлемдік денсаулық күні

   2023 жылдың 4 сәуірінде  Кітапханалық–ақпараттық орталықтың №5 оқу залында Тараз өңірлік университетінің медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып  7 сәуір - Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір салтын сақтайық!»  атты шок- сабақ өткізіледі.
   Мақсаты: Жастар біздің болашағымыз. Болашағымыздың жарқын болуы үшін жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға шақыру.
   Өтетін орын: 4.1  №5 оқу залы
   Уақыты: 11.00
   Күні: 04.04.2023 жыл

Оқырман назарына!

  Құрметті достар!
 Сыйлығыңызды алуға дайынсыз ба? Онда алға!
 2023 жылдың 20 сәуіріне дейін кітапханамыздың оқырмандары арасында «Бейнекөрініс»/«Видеовзгляд» байқауы жарияланады.
 Байқау шарттары:
 - lib_du (Instagram), lib.DU (Facebook), lib_du (ВКонтакте) әлеуметтік парақшаларына жазылу, репост жасау және LIKE басу;
 - әлеуметтік парақшаларында посттар жариялау;
 - 1 минутқа дейінгі кітапхана туралы бейнеролик дайындау;
 - Дайындалған бейнематериалды өз Instagram парақшаға #КреативСелфисКнигойDU, #КонкурсВидеовзглядDU хэштегімен белгілеп салу.
 24 сәуірде байқау қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар марапатталады.
 Ең танымал посттың авторы демеушілер тарапынан естелік сыйлықпен марапатталады!
                                       Қатысып, сыйлыққа ие болыңыз!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті «Әлеуметтік психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!

  Сіздерді №1 оқу залы, «Гуманитарлық- әлеуметтік ғылымдар» факультеті кампусында 03.04.2023ж. - 15.04.2023ж. аралығында ұйымдастырып отырған «Ақпарат күніне» және «Кафедра күндеріне» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен  таныса аласыздар.    
                                              КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! КҮТЕМІЗ!