23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

«UniLibWeek_2023» - кітап мерекесі

   Жыл сайын 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай, Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығында мәдени шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биылғы кітап мерекесі «UniLibWeek_2023» атты апталық аясында өтті.
   Фойеде күй ойнаған оркестрдің өнерімен бастаған Дулатилықтар көпшілікке әдемі сезім сыйлады. Дайындалған «ART-вернисаж» көрмесінің өзі галереядағыдай әсер қалдырды. Кітапхана аванзалында кітап баспаларының көрме-жәрмеңкесі көрсетілді. Көрмеге кітапсүйер қауымды қорға келіп түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында түрлі саладағы әдебиеттер қойылды.

Оқуды жалғастыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті «Ұстаз» институтының студенттері, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен жас ғалымдары!

   Сіздерді 2023 жылдың 25-28.04 аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №5 оқу залы ұйымдастырып отырған «Ақпарат апталығына» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен  таныса аласыздар.    
  Өтетін орны: педагогикалық кампус, 1-қабат,5-оқу залы (9.00-17.00 сағ.)
   КЕЛІҢІЗДЕР! ТАНЫСЫҢЫЗДАР! КҮТЕМІЗ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

 Сіздерді Кітапханалық-ақпараттық орталықтың ұйымдастыруымен өтетін «23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» арналған «UniLibWeek_2023» атты іс-шараға шақырамыз! БАҒДАРЛАМА
  Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, Төле би, 60, 2.1, тех.кешен.