ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті «Әлеуметтік психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!

  Сіздерді №1 оқу залы, «Гуманитарлық- әлеуметтік ғылымдар» факультеті кампусында 03.04.2023ж. - 15.04.2023ж. аралығында ұйымдастырып отырған «Ақпарат күніне» және «Кафедра күндеріне» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен  таныса аласыздар.    
                                              КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! КҮТЕМІЗ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті «Экономика және құқық» факультетінің  профессор-оқытушылар құрамы,  студенттері мен магистранттары!

   Сіздерді 2023 жылдың 04-28.04 аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №4 оқу залы ұйымдастырып отырған «Кафедра күндеріне» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен  таныса аласыздар.    
  Өтетін орны: Технологиялық кешеннің 6-корпусында орналасқан «Экономика және құқық» факультетінің №4 оқу залы.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

   М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне 30.04.23ж. дейін Begell House халықаралық баспасының ресурстарына тестілік қолжетімділік берілді.
   Begell house электронды кітапханасы- 40-тан астам ғылыми журналдардың, 130-дан астам электронды кітаптардың, мәліметтер базасының, анықтамалықтардың және конференция материалдарының кең жиынтығы.

Оқуды жалғастыру