Кітапханалық - ақпараттық орталығы Сіздерді 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні мерекесімен құттықтайды. Баршаңызды осыған орай «Жастардың таңдауы - КІТАП» атты PR-акциясының жоспарына сай,жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараға шақырады.
Тараз қаласының Сүлейменов көшесінің бойындағы бұрынғы «Атшабар аллеясы» облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы бойынша толықтай жаңғыртылып, Жастар аллеясы болып қайта ашылды. Мұнда «Білім» алаңы, «Jastar» қабілет орталығы, «Кітап» және «Сахна» алаңшасы мен «Махаббат» аллеясы бой көтерді. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері мен қызметі бар. Бұл «Жастар» жылына жасалған мерекелік тарту болды.