ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ - КІТАП

Құрметті университет оқытушылары мен студенттері!
Кітапханалық - ақпараттық орталығы Сіздерді 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні мерекесімен құттықтайды. Баршаңызды осыған орай «Жастардың таңдауы - КІТАП» атты PR-акциясының жоспарына сай,жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараға шақырады.

Келіңіздер, оқыңыздар, қосылыңыздар! 

Өтетін мерзімі: 23 сәуір, сағ. 08.30

Өтетін орны: Технологиялық кешені (2.2), Кітапханалық-ақпараттық орталық,  оқу залы.

2019 – ЖАСТАР ЖЫЛЫ

   Тараз қаласының Сүлейменов көшесінің бойындағы бұрынғы «Атшабар аллеясы» облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы бойынша толықтай жаңғыртылып, Жастар аллеясы болып қайта ашылды. Мұнда «Білім» алаңы, «Jastar» қабілет орталығы, «Кітап» және «Сахна» алаңшасы мен «Махаббат» аллеясы бой көтерді. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері мен қызметі бар. Бұл «Жастар» жылына жасалған мерекелік тарту болды. 

Оқуды жалғастыру

«АҚПАРАТ КҮНІНЕ»

Құрметті «Мұнай, газ және механика» факультетінің профессор - оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!
Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықта (6-2 Абонемент, Ғылыми оқу залы, гидро.кешен) 19.03.-30.03.2019ж. аралығында ұйымдастырып отырған «Ақпарат күніне» және«Кафедра күндеріне» шақырамыз. Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша кітапхана қорымен, жаңа түскен кітаптармен және  электронды оқулықтармен таныса аласыздар.   КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!